Біле алмадым:
Сұрақ пен күдіктерім
бара жатыр жанымды тіліп менің.
Қадірлемей жұрт жылу, арайды да
Күн көңілі бір уақыт қарайды ма?
Құпияның құдірет – Күн, сендегі
Миллионнан біреуін білсем дедім.
Дақ бар дейді,
Күнде де мін көп дейді;
Жарықты да жайлаған «індет» дейді.
Дақ жоқ болар күнде
(Әне, кірді іреңі...)
Орнын таппай айтқан сөз бүлдіреді,
Меңі бар қыз – сүйкімді келеді ғой,
Күннің де меңі шығар?
Кім біледі.
1980