Тағдыр сені тоқ қылды,
торықпа, дос, мықты бол.
Құшып ең бір шоқ гүлді,
тікенек боп шықты ол.

Құмай ғой деп мөлитіп
асырап ең бір итті,
төбет болып ол итің
өзіңе үріп тыритты.

Суып кеттің, – бұ да анық, –
суындырмай қойды ма:
жібек тағып сыланып
кірген жылан қойныңа.

Ерегіссең ал енді
еліңе жүр, тоқты бақ.
Хайуанат көп әлемде,
сендей кісі жоқ бірақ.

1978