Бір бесікте данышпан ұл – көсемі,
бір бесікте – қарақшы ұлы өседі.
Бір қолымен шынжыр ескен деседі,
бір қолымен сол шынжырды кеседі;
Бір ұрты бал – бал қатырып келеді,
бір ұрты қан – қан қақырып келеді;
бір білекте – жас жесірдің желегі,
бір жүректе – Неруданың өлеңі;
Бірі құлап, жататұғын бірі өсіп,
зұлымдық пен мейірімнің күресі,
көрінгеннің көз ақысы – үлесі,
Сантьяго!
Түрме есігі – міне, осы!
1978