Талай күзде, көктемде
көзің болды байпақтай:
Тасып бір тасып кеткенде
құятұғын сай таппай.

Қасқа болдың тағы да:
жіңішкеріп шынтақтай,
Жылап аққан шағыңда
сіңіп кетер құм таппай.

Көлкілдейсің қиялдай,
мөлтілдейсің ұялмай,
Не бір құмға сіңе алмай,
Не бір сайға құя алмай.

1970