Бір сыр айтты ернің маған кезерген, –
жақын... жақын жеңісімді сезем мен.
Қарағайға көлеңке боп кетейік,
өтейік тез мына тентек өзеннен.

Қайың, талды сыңсып келіп жел өбіп, –
адасқанын ағаштардан көреді.
Тебісіп тұр көк бұталар,
ал менің
бір шумағым бір шумақты тебеді.

Кетті ұшырып толқын тасты қақты да, –
ақ осылай ақтарылып, ақ, бұлақ.
Құтырынып ойнайды кеп толқындар,
менің қаным ойнайды одан қаттырақ.

Жүзім сынық болғанымен ежелден,
көңілімнің батылдығын сезем мен.
Тез, тез еніп жоғалайық қалыңға,
тез, тез өтіп кетейікші өзеннен.

1970