Жапырақ қалсын алақанын күлбіретіп,
бұтақтардан құйылшы күмбір етіп,
ағылшы бір, ақ нөсер, әжелердің
ұршығының жібіндей дір-дір етіп.
Қытықшыл ақ айдынның шымшып етін,
түршігетін жасашы, түршігетін.
Әйнегімді айғыздап тілші нөсер,
Жып-жылтыр тереземнің тілші бетін!..
1970