ГИМНАСТЕРКА

Солдат кетті, қалды ауылда тып-тыныш
Әйелі мен жас баласы, ол аз ба? –
Салды дейді жауларына мықты ұрыс...
Қарағанда келген «қара қағазға»...
Бос сөздердің керегі не, керегі?
Жұбату ма – көңілдің құр ермегі?
Әйел – жесір, жесір, жесір, ер – өлі...
Әйелдерге керегін бер жердегі!
Командирге хат келіпті, бұл бір тым,
Қысқа хаттың біреуі еді мұншалық:
«Тым құрыса қайтарыңдар бір мүлкін»...-
Жіберді олар гимнастеркасын салып.
Түтін исін иіскеп басын шайқаған.
Мауқын басты сол иіске жығылып,
Әйел – сонда жар болады қайтадан.
Қанша мәрте қайталанды бұ қылық!
Жылдар бойы түтін иісі түске еніп,
Әйел жұтты сол иісті тістеніп –
Түтін иісі – дәтке қуат боп алды,
бірте-бірте ол иіс те жоғалды.
... Жас келіншек кірді.
Кемпір мұнша жыл
естелігін тауысуға таяды,
сүртеді де бұрыш-бұрыштың шаңын,
Гимнастерканы жуады баяғы.
1974

БӘТИМАҒА

Сібірдің шұғыласына қысыңқы қара көздерді,
айырбастай алмаспын – соны көптен сезгем-ді.
Үніңде сенің арғымақ шабатындай алқынып,
Құпия бір қуғынды елестетер балтырың.
Жастықта ақ білегің жеңсіз қалқып ұшады,
Қара шашың жарыққа желсіз талпынысады.
Ал, көкірек, көкірек...
Шаншылып-ақ тұрар тік...
Қасіреттің шыңындай қосарлана мұнартып.
1970