ДӘН ТУРАЛЫ ЖЫР

Сап-сары дән, сары дән –
Көрген көзді сары жездей қарыған.
Сарғыш сәуле қатыпты да тас болып
Сарғыш дәнге айналған?
Күннің сарғыш сәулелері үзіле
Тамып жатыр сарғыш дәннің жүзіне –
Алтын дән!
Жердің төсі – жасыл тамыр толқынды,
Жапырақтардың білеу-білеу тамыры –
Табиғаттың өмірі...
Дәнде бүкіл геометрия табысқан,
Дәнде – күннің логикасы данышпан
ақ сәуледей жып-жылы
Байланыс бар керемет
Дәнмен осы арасында қарынның,
Қара мақпал түн қойнынан
Жарқын сәуле ағып тұр.
Сап-сары дән жинайды кеп
денесіне жарықты.
Күн де өзінше – жүрек қой,
бүкіл дүние – кеуде бір,
Сап-сары күн көтеріліп келеді,
Сәулесі оның – сары жіп
Жабады Жер арқасын;
бүкіл әлем ұстап жатыр сол жіптен
Сәби құсап, уыстаған
анасының сары шашын.
Мен жырлаймын әлемді осы, ақылды,
Менің ақылымсыз-ақ.
Жақсы өлеңді тынбай жазып, қатырды
ақындарды күншуақ.
Мен – егінші, не бір ақын болайын,
Жарқыратып себем дәннің жұлдызын.
Лапылдайды дән-дағы,
Қырман – қызыл, күн – қызыл.
Көз ғой – менің жарығым,
Содан кейін... еңбегім,
Мыйдың өзі... сиып тұрған әр ұғым –
Күннің – күні, жарықтардың жарығы.
 

Лениншіл жас, 1965, 7 апрель