ТӨБЕДЕ

Қос қанат маған да
бітсе ғой сасқанда,
Самолет кетті ұшып
ап-ашық аспанға.

Көлеңке төменде
Жылжиды білінбей,
Ал оның дауысы
тырнаның үніндей.

Көгінде гавані,
Жалауы табылар;
Суылы, дауылы,
архипелагі бар.

Оң сапар тілеймін, -
бұлттар – ақ, аспан – ақ.
Маған да бір кезде
бітсейші қос қанат.
 1934

БІР УЫС ТОПЫРАҚ

Бөлімше – орманға шегінді,
біткен соң ұлы ұрыс;
алдым мен көтеріп
топырақты бір уыс.

Бір бомба ұлып кеп жарылды –
аударды қара жер қыртысын.
Бір шөкім топырақ жанды да –
Сәулесі тұр түсіп.

Көздеп кеп ағаштың далдасын
Құладым. Қорқыныш сезінем.
Сонда бір сүйдім-ау үзіле
бір шөкім топырақ көзінен.

Орамал шетіне топырақты
түйдім мен, түйіншек кетпеді
алқымнан, ант еттім топыраққа,
ант еттім оралам деп кері.

Қиындық, қайғыға төзем деп,
Қорлықты жуам деп кегіммен,
Қай жерден алсам мен топырақты
Сол жерге қайтарам дедім мен.
1941

ТВОРЧЕСТВО

Ыстық майдан от ішінен суырып
дәрігерге алып келді солдатты.
Бірақ, бірақ көкірегі тұр ұлып,
Жүрек тоқтап қалған екен – сол батты.

Тұрып қапты жанып ұшқан жарықшақ
Жүрегіне:
темір қандай дөрекі!
Көрінеді ернінде өмір бар құсап,
бірақ сөніп бара жатыр көз оты.

Дәрігер тез жыртты-дағы көйлекті,
Саусақтары дір етті:
Көрді сол сонда анықтап
оқ қадалған жүректі.

Жүрек байғұс тыпырлайды, тірі әлі, -
Соғуына бөгет жасап тұр, әне,
Жарықшақ – әлгі жарықшақ
Қан-қызумен темір-қызу шарпыса...

Дәрігер тез қолына алды жүректі,
Жас көрінді көзінен:
Ұстады ол бөденедей тірі етті
бауырмал бір сезіммен.

Мүмкін емес еді бұл,
Жоқ болатын түк үміт...
Өбектейді жүректі ұстап дәрігер
Әр тамырдың бағытына жығылып.

Жарықшақты суырды еппен жүректен,
Жібек-қолмен жаңағы,
тек иненің ұшына тән бір еппен
тігіп, жара ауызын тез жабады.

Бұған жауап ретінде кенеттен
Жүрек әлгі соғып ала жөнелді.
Тірлік кірді қабырғаның астына,
Жүрек келді – өз орнында ол енді.

Қан жүгірді ерніне жігіттің,
айқындалып келе жатты жанары.
Жыбыр қағып саусағы
Өңіріне қарай жылжып барады.

Дәрігер бірақ ақ тілеулі, ақ үміт,
түсі қашып тұр еді,
Кетті кенет көз-жанары жабылып –
Тоқтап қалды өз жүрегі.

О, өкініш! Өкінішті тірлік-ай,
Өкінішпен айта алам:
болмай шықты жақын маңда дәрігер
бұл жүректі соқтыратын қайтадан.

Кейінірек естігенде бұл жайды
Жанашырлық отым тұтап, маздады,
тебіренгенім соншалық –
Өз жүрегім тоқтап қала жаздады.

Түсіндім мен, қолдың жылылығын мол,
түсіндім мен бүкіл болмыс-кеудеммен,
асқан қасиет жоқ-ау деп
Өзге жүректі емдеуден.

Мейлі, менің жүрегім де қайғыдан,
аяушылық, өкініштен жалын шын
Кернегенде жүрегіндей доктордың
Творчество бомбасы боп жарылсын.
1943

***

Жазғы жаңбыр осынау,
Кемпірқосақ, мына бұлт –
алда да әлі мен үшін
бір жақсылық болардай
үміт тастап тұр анық.
Жаңа, жаңа жерлерді
Көрердеймін алда әлі
гүлде,
шөпте мөлдір шық
көзін қысып алдады.
Бар секілді алда да өмір бір түрлі,
Көріп өткен жерлерімді былтырғы,
тағы қайтып көрердеймін жасқанбай
Көкірегім жарқырайды,
бір сәтке
Нөсерден соңғы аспандай...
Бірақ, бірақ....
Есіңді жи, көр ойлап:
Жазғы жаңбыр, кемпірқосақ,
бұлт секілді ұшпалы
алдамшы бұл сезім де,
өмірің де қысқа-ды.
1972