ЛЕНИН ЖҰЛДЫЗЫ АСТЫНДА
(толғаудан үзінді)

«Ильич түнгі аспанды жақсы көруші еді,
жұлдыздарға ұзақ-ұзақ қарауды ұнататын».
Н. Крупская

Сол бір түн
Соқты жел ұйтқып,
Нева үстінен оқ ұшты,
Толқынға толқын тоғысты.
Жер бауырлап қара бұлт
Қанатын ауыр жаяды –
Смольныйға таяды.
Сайларға тұман шөгеді,
Қара су қайнап жатты ауыр.
Бұлт жылжып әлі келеді,
арасынан сол бұлттың
Көрінді жұлдыз – Октябрь.
Сол бір түн.
Сарай үстінен,
Жыртығынан түтіннің
Қалың түнектен бүтін бір
Ильич көрді жұлдызды –
Ильичке нұр боп түсті ол.
Жарығы сол жұлдыздың
телефон, стол арқылы
декреттер болып шалқыды.
Басталды жаңа замана –
бағымыз еді бұл біздің.
...Сонау күн - атамзаманнан,
түнгі аспанға қарап ол
толқытушы еді жүректі.
Тереңінде Ақеділ
Сақтап жатқан талай жыл
биіктен түскен бір отты...
Жарық пен түнек аралас,
Қайырым мен жауыздықтың
арасы –
Лениннің алақаны астында
Ұқсап шұбар тасқынға,
болашаққа аунады
Жұмыр жердің теңізі мен
таулары.
Сол Октябрь түнінде
Көрген еді ол бәрібір:
Ұшқындарын Волховтың,
Ангараның жарығын...
Сол жұлдыздың сәулесі
Өсірді орман,
не гүлді,
Гагариннің күлкісі боп төгілді,
Ракета боп космосқа жегілді...
Елім-елі еңбектің,
тек еңбекпен жаңарды.
Космосқа ұшқан ерлер де
Лениннің жұлдызынан жол
алды.
Өткен өмір – қалды ән боп,
Смольныйдың үстінде арай –
таң мәңгі.
Біздің қала Октябрьдің
Куәсі боп қалған-ды.
Ант етеміз нұр алдында
мәңгілік
Революция жаққан сол бір от
күзде.
Лениннің ісі болып жаңғырып,
Мәңгі қалад деп біз де.
Мәңгі қалады бұл есім,
От - әріп боп сүйіп көк,
Лениннің жұлдызы
бара жатыр биіктеп!


Қазақ әдебиеті, 1978, 26 май