СЕНДЕР ҮШІН
Бәрі, бәрі сендер үшін, ағайын,
барлық бақыт, бар ұғым:
күн де, түн де – сендер үшін, ағайын,
күндіз – шуақ,
түнде – айдың жарығы.
Ай астында жапырақтың дірілі,
Бұталардың қалғып ойға шомғаны;
қиялшы ғой,
ақылды ғой жапырақ
жазығы тек – жеңілтектеу болғаны.
Күн астында мың бір бояу оянар –
Сары, қызыл, ақ, көгі де – сен үшін.
Маңдайыңнан сипағанда –
алақанның жылуы
табиғатқа біткен ұлы келісім,
бәрі, бәрі сен үшін.
Денедегі жұмсақтық пен жылылық,
Сендер үшін көрген түстің тәттісі.
Туар айдың астында бар ұлылық,
Кеткен күндер көз көрмейтін жаққа
ұшып.
Жағадағы кемелердің желкені,
Сендер үшін желбірейді, ағайын.
Хат тасушы хатын ұстап қабынып,
Сендер үшін келді дейді, ағайын.
Бейнетқордың аққан тері
маңдайдан,
Ысқырына ұшқан оқтар – қан
майдан,
Сендер үшін құлпы-тастар, молалар,
Түрме, бұғау, өлім – жаза,
қайғы, қырсық –
Итің сын-ды қарғылы...
сендер үшін барлығы.
ЖАЙСАҢ КҮНДЕР
Мені құртқан жайсаң күндер дәл осы,
бәрі, бәрі осы күннің бәлесі:
Эфкафтағы жұмысымды тастадым,
Дәл сол күні шылым тарта бастадым.
Мені құртқан жайсаң күндер,
есек пе ем:
үйлендім мен қорыққаннан өсектен.
Үйге нан мен тұз әкелуді ұмыттым,
Жерік болды жарым жырға сол күні
өзім жыр деп ашыққан ем,
құнықтым.
Мені құртқан жайсаң күндер дәл осы.
ЕРКІНДІККЕ
Күн шығардан сәл бұрын
Теңізде бір ақ тыныштық болады-ау,
осы кезде серуенге шыға қал.
Алақанда – рахаты ескектің.
түнде біткен іс шаттығы – көңілде.
Тартасың-ау кәрі ескекті төстеп бір,
түс көресің өңінде.
Қарсы жүзер сонда саған балықтар,
сырғанайсың жуас толқын жонында.
Тек ауыңды, қалтқыңды қалықтат,
сұйық ақық секілді су,
қолың бар –
сүзіп қара, сол шақта:
шағаланың үнсіз жатқан шағында,
Қара дауыл шықса атылып аспанға,
Бұл не тағы? Су перісі? Құс па әлде?
Сым ішек пе? Труба ма?
Сасқанда
Е-е, е-ей!
қатын-балаң күте ме үйде әлі де?
Не отырыс, қарғы жардан теңізге?
Түкір оның бәріне!
Көрмеймісің маңын түгел -
бостандық?!
Ескек бол сен,
не су бол,
не дауыл бол долданып,
ақ желкен бол,
бол балық,
жүз, сайраңда,
күш жеткенше
еркін жығыл, еркін жық –
міне, саған Еркіндік!
Эпитафия № 1
Бұл дүниеде қиналды ол
бәрінен де қаттырақ
сүйел шығып башпайының астына.
Ажарсыз ед, онысына ренжіген жоқ, бірақ,
сүйел шықты башпайының астына.
Кездерінде бәтіңкесі қыспаған
Құдайды ойлап бас қатырған жоқ әрі.
Күнәлі де кісі емес ол – күшті адам,
бірақ халі аянышты болады.
Бәрінен де әпендім-ай, әпендім,
Қырсығыңа Сүлеймен боп атандың.
Эпитафия № 2
Ешбір сұрақ мазалаған жоқ оны,
«Ту би ор нот ту би» деген де.
Түнде ұйқыға жатқан,
таңда өледі,
Содан оны көтеріп ап жөнелген.
Намазына жиылған жұрт – көмеді,
мұны естісе алашағы бар жандар
бұл қазаның құны біраз арландар.
Алғаны жоқ, қайдан болсын берері.
Эпитафия № 3
Винтовкасы тапсырылды қоймаға,
әлдекімдер киімін ап боқтады.
Дорбасында қиқымы да жоқ нанның,
ыдысында ерін ізі жоқ тағы,
Кеткен сынды жел үріп,
кетті ол мәңгі, есімі де жоқ есте.
Екі-ақ ауыз жазған сөзі келігіп:
«Өлім деген – құдай еркі емес пе,
Өлмесе адам неге керек шүкір ғып,
біз де бәрін сол шүкірмен бітірдік».
ОЛ ЕМЕС!
Қалай айтсам болады
қасіретімді сендерге!
Қысымынан қайғының
сөз қалмады менде емге.
Қырсығымды бұл ерен
тек жауыма тілер ем.
Жарасы ма жүректің?
Ол емес қой, ол емес.
Қайғы – қара тамақ па?
Ол емес!
Не болды деп сұрайды
көзге төніп кеп кісі.
Сондай қайғы мендегі...
енді шыдар жоқ күшім.
ӘЛДЕ НЕ БАР...
Теңіз мұнша бола ма әсем күнде де?
Аспан мұнша бола ма әсем күнде де?
Мына заттар осындай ма күнде де?
Терезенің әйнегі ше?
Үндеме!
Қайда саған, қайда саған!
Бар мұнда
мен ұқпайтын бірдеме.
НЕГЕ?
Неге бұлай:
біреу тұрып «порт» десе
көрем ылғи діңгектерін кеменің.
«Теңіз» десе тағы біреу,
көз алдыма ақ желкендер келеді.
Ал, «март» десе – мысықтарды
мауыққан,
«шындық» десе – жұмысшыны
көремін.
О, құдайдың толғандырып қойғаны-ай
неге сенед қарт диірменші аллаға,
осылардың бірін жөндеп ойламай?
Сауалым көп, сауалым:
желді күні неліктен
жаңбыр қылы жауады?
ҚҰЙРЫҚТЫ ЖЫРЛАР
Табыса алмай өтерміз біз –
тағдырымыз әрқилы,
Сен – қасапшы мысығысың,
Мен – мысығы көшенің.
Сенің асың – қасапшының тақтайында
ет кесер,
Менің асым – арыстанның шеңгелінде
деседі.
Сен түсінде – махаббатты күй еттің,
Мен түсімде – сүйекті,
Бірақ, сіңлім, саған да оңай бола алмас,
Оңай емес, әрине,
Құйрығыңды бұлғап жағу бәріне.
СУ-ТЕГІН
Біз өмір сүреміз
теп-тегін,
Бұлт – тегін,
теп-тегін оттегі.
Тау тегін,
Жаңбыр мен лай тегін.
Машина көргенім үшін мен
бір тиын бермеймін,
ішімнен
мың шүкір етемін, әйтеуір.
Қайтемін:
Витрина елесі – теп-тегін,
Сонда сен нан менен ірімшік
деп пе едің:
теп-тегін?
Ол үшін су – тегін.
Бостандық, жұтқан көп ғұмырды,
Құлдықтың қорлығы өткені –
бәрі де теп-тегін...
Біз өмір сүреміз
теп-тегін.
МЕНІҢ СОЛ ҚОЛЫМ
Тойған күні араққа
ұмытқам өңгені,
сен есіме түсесің –
менің сол қолым,
менің қор қолым,
менің сор қолым.
ІСКЕК ЖАЙЛЫ ӨЛЕҢ
Бұл не оған бомбасы ма атомның?
Лондондағы бір жиынға барса еді?!
Бір қолында іскегі бар,
айласы –
қиылған қас боп көріну,
Бір қолында іскегі бар,
Өңге әлемде шаруасы қанша оның?!
ТЫНЫС
Мынау шайқас тез бітсе екен дейсің де,
тағы айтасың! Аш қалмасақ екен деп.
Ұйықтап қалмай түскі асқа ояу жетер
ме ең,
безектейсің шаршамасам екен деп,
Айт одан да уақыт алма бекерге:
– Өліп кетсем екен! – деп.
КЕНЕТТЕН
Бәрі болды кенеттен:
Айықты аспан кенеттен,
Күн сәулесін төкті жерге кенеттен.
Дүние жасыл бояу тұтты кенеттен,
Бәрі болды кенеттен.
Кенет жерден көтерілді бу аппақ,
Алма ағашы түйін салды кенеттен,
Қызыл алма пісіп шықты кенеттен.
Кенет,
кенет,
Бәрі кенет жасалды:
қыздар – кенет,
жігіт – кенет,
Дала, жолдар, мысықтар.
Кенет жерде пайда болды махаббат,
келді кенет қуаныш.
ҒАЛАТ КӨПІРІ
Көпірде тұрмын мен,
Сендерге қараймын қызықтап:
Біреулер еседі қайығын,
ескегі су бетін сызып қап.
Тоқтатты біреулер кемені,
ал, біреу кемеге келеді.
Біреу – құс оқ тиген, құлайды жалп етіп
біреу – балық, шоршиды жалт етіп.
Біреу – кеме,
біреу – баржа, біреу – бұлт,
біреу – үн,
біреу – түтін...
Барлығың ырсылдап-гүрсілдеп,
бір үзім нан іздеп жүрсіңдер.
Мен сендер үшін бір жәй кісі
жұмыссыз, қайғысыз.
Жарайды, мақұл-ақ,
өздерің туралы бір күні
жыр жазып, ақыма
бірнеше тиын ап
тамаққа мықтап бір тоярмын –
қиын-ақ...
Жұлдыз, 1973, №6