ВЛАДИМИР МАЯКОВСКИЙГЕ

Қалиан мен крестен үстем
Шыныққан отта, бір әдемі
Қорғасын-қанат жебірейіл
ғасырға кетті Владимир!
Делбеші де, ат та – ол, тағы да
заманға заң боп бітті де ол,
Түкірді алақанына:
«Сүйменнің даңқы, мықты бол!»
Алаңның ғажаптарының
Жыршысы; көкірек бір мықты,
алмасты емес, тасты алды,
Өз күйінде алды тірлікті
Жарайсың, жыр нөсері –
Жасын отын бүрікті ол.
Қанатымен қорғасын
түрлі ұғымды қырықты ол.
1921

ТЕМІР ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ТАҢ

Күн тумай тұрғанда әзірге
арманымен соның желпіне,
Қара жер сызы мен шпалдан
Россияны қалпына келтірем.
Сыздан мен дәнекер ерітіп,
Тұман ғып таратам бұл маңға, –
Әзірге күн тумай тұрғанда,
теміржолшы оянбай тұрғанда.
Айыққан жоқ тұман әлі де,
Бояудың иісі бар әлі;
Мәрмәр да ұйқыда, көрінбейді
шаршылап жыртылған дала әлі...
Сыз жерден – өреді бу аппақ...
Әумесер хабардың мәні не,
Көк болат өтірік соғады –
Москва көрінбейді әлі де.
Осылай, көздерДі талдырып,
Көзге бар, қолға жоқ байлыққа жетіпті –
Үш қана полотно-жазыққа
Россия құйылып кетіпті.
Алысқа созуға болады
Рельсті шпалда жоқ әлі.
Жіберем вагонды тізіп мен –
өртенген жандардың обалын
Пәнде үшін. Хақ үшін
Мәңгілік жоқ олар!
Белгісі: қырық адам,
Сегіз ат және бар!
Осылай, үстінде шпалдың,
Шлагбаум ашылған шақта бір
Шпал мен таңғы жер сызынан,
Мен алғы күндерге аттадым;
Күн тумай тұрғанда әзірге,
демімен мен соның желпіне,
Әлемге жайғызып құлашын
Россияны қалпына келтірем.
Өтірік-өсексіз, иттіксіз:
Қос рельс, көкжиек бар тағы...
Бүгіннің вагонын уақыт
Линия бойымен тартады...
1922

ТАМЫЗЫҚ

Эйфель мұнарасы да
Қол созым жер бір ғана.
Бірақ біздің бәріміз
Соқыр емеспіз мұнда да.
Көңілсіз әрі көріксіз
Парижбен қайдан іс бітсін.
«Россиям менің, Россиям,
осынша неге ыстықсың?»
1931


ОТАН

Икемсіз тілім, о, менің!
Таңдайын қағып тамсанған –
Мұжықтар
маған дейін де:
«Россия – елім!» деп ән салған.
Калуганың бірақ дөңінен
ашылған бір күн,
сеземін:
таныдым сонда сені мен
бөтенім менің - өз елім!
Қақсап бір кеткен қалыңнан
Сыздауықтай алыс, Отаным,
Кеудеме, бала шағымда-ақ,
Құйғам мен сені қотарып.
Жақыным болған, тым алыс
тау жұлдыздары айтты өлең.
Қасіретім болған қуаныш:
«Үйге қайт, үйге қайт!» деген.
Аспан – судан көк болмайды.
Көкжиек алыс дегенге
Соғып алдым мен маңдайды.
Қолымнан айрыла жатып,
елім деп қайран, түбі мен,
ернімді тістеп қанатып
Қол қоярмын тіліммен.
1932