АЛҒЫ КҮН
Бәрі, бәрі алғы күнде жатады:
Қуанышым көл боп толқын
атады.
Сен шыдай тұр,
Сәл шыдасаң бір түрлі
Бәрі, бәрі оңдалатын сықылды.
Жағалаудың ақ шарқаты толқыны,
Ұяттымын алдыңда,
Мен қашанғы болар екем бақытсыз?
Қайыршылық, жұмыссыздық – ал, таңда.
Саған бұрад жүрегім,
Тиын жоқта қалтамда
Ертең... ертең жұмыс табам
Бір мықтыға сәлем берсем имене,
Ал бүрсүгін?
Үйленем
Қазір үйде күтем сені алқынып,
Ақ шарқатты толқыным.
ӨТІРІК
Жақсы күннің ақынымын мен қалқам,
Бақыт көрсем – өлең айтам айқай сап,
Кедей көрсем – кейін болар байды айтам,
Сұлуларға жасаулары жайлы айтам,
Тұтқындарға амнистия жайлы айтам.
Әкелері қан майданда мерт болған
Ұлдарға айтпай жақсы сөзді – қайда айтам?
Қызыл тасқын сөз кетеді-ау көпіріп.
Әттең, қиын...
Қиын екен өтірік
Социалистік Қазақстан, 1973, 18 февраль