Біздің достық
Ол бір күндер – күндер еді-ау
Халхин-Голде соғысқан,
Отқа жанып жапырақтар,
Жер дірілдеп, оқ ұшқан.
Ағайын боп қаны бірге,
Жаны бірге туысқан,
Орыс, моңғол иықтасып
Ортақ жаумен ұрысқан.
Екі халық жауға қарсы
бірге атылған жалын боп,
Екеуінің күллі әлемге
Татулығын мәлімдеп.
Иә, иә сол күндері
Қаһарымен қан қақтап,
Қанды шеңгел, қарақшы боп
Шапқан шақта жау қаптап,
Орыс, моңғол тізе қосып,
бірін-бірі жебеді.
Тұрып қатар қабырға боп
Жаудың жолын бөгеді.
Қоюланған шақта көкте
Қара бұлты күздің мас
Қатер болып төнген шақта
бостандыққа біздің жас…
Күннен барлық сол қатерлі
Көңіл, тарих үшін шын,
Мәңгі есімде қалып қойды
Июнь күні үшінші:
Ұшып жатты жарқылдап оқ,
Зеңбіректер от атты,
Жаяу әскер паналаған
Баинцаган атақты
шекара еді – қарлы қабақ,
Қабақты қар мұздатты.
Сол қабақтың ар жағы – жау,
бер жағында – біз жаттық.
Түтінденіп жатты маңай,
Сенім бізге – болды азық,
ар жақта – жау,
бер жақта – біз,
Жасырындық жер қазып.
Дәл сол күні тыныс келді,
ескен сын-ды жел өкпек:
батыр совет солдаттары
Жетті бізге көмекке.
Достық деген өтер жарып
Оқтай тура бір қырлы!
Тілдер өзге, киім басқа,
Есімдері мың түрлі –
Иван ба, әлде, Петр ме еді –
Ядма да, Бадма да
Туыс, бауыр бәрі маған!
Сол күні біз тұңғыш рет
Жүздесіп ек, кездесіп ек,
Сырластық біз бірден еркін
балдыздардай жездесі көп,
Бір-бірімізді ұқтық бірден,
Күлкі, әзілдер жаңғырып,
Сол бір сәттің өзінде-ақ біз
Достар таптық мәңгілік.
Жау болғаны – жаудың бізге,
Жоқ адамда басқа айып.
Орыс, моңғол тізе қосып,
Қарсы тұрдық қасқайып.
Баинцаган түтінденген
Тұрды айқасқа шақырып.
Қарадық біз ыза-кекпен
Қабақтарды қатырып.
Ұрыс қызып кетті кенет
Қырлар күйіп кетті көп.
Шынжыр-табан ауыр танкі
Жер солқытып тепкілеп.
Советтің бұл танктері
Жауға қарсы шықты өріп.
Топырақ жатты қоңыр-қошқыл
Табанында бүктеліп.
Танкі заулап бара жатты
Отап, қырқып маңайды,
Өңешінен шыққан түтін
Маңайға өрт боп тарайды.
Ыстық желдей барады ұйтқып…
Кенет, әне… түсінем:
Өрт қаптады танкіні сол,
ерлер шықты ішінен,
Танкі жанып кеткенімен,
ерлік аман, күш аман,
Жауға қарсы атыс салды,
атыс салды үш адам.
Танк жанып жатты лаулап,
өртті орманға ұсаған.
Қамалаған қалың жауға
қарсы атысты үш адам.
Тұтқын етпек боп үшеуін
Өшіккен жау қамады.
Соңғы патронға шейін
үшеуі атыс салады.
Мылтығының үні үшеудің
таста қалды жаңғырып.
Ерлік еткен күні үшеудің
есте қалды мәңгілік.
Моңғолия, туған өлке,
көгеріп өс, о, көкте!
Барлық кезде совет халқы
Келді саған көмекке.
Көктеу үшін біздің де бақ,
еңбекшіл жер бұл біздің,
Жануы үшін көктем ышығы
Жарығымен жұлдыздың,
Революция күндерінде
Не желкеге, не бетке
Шаң тимеуі үшін,
Совет халқы келді көмекке.
Қызыл әскер келді бізге,
Ол ерлерге жоқ өкпе.
Достар біздің, біздің достар
Келді әрқашан көмекке.
Қорғанысын біздің елдің
Мықтады олар қуанып.
Гаминдарды қудық алыс
Түтіп шаңын шығарып.
Унгерндей барондар да
аласталды бұл жерден,
арқасында батырлардың
Совет елі жіберген.
Бөрікті алып бұл күндері ал,
бас иеміз жерден бұл
Халкин-Голде қаза тапқан
Әруағына ерлердің…
Айтпақшы әлгі танкистердің
Бірі былай күш қосты:
“Әруағы үшін кек аламыз
Өліп кеткен үш достың!”
“Ура!”-лаған үн қаптады,
Қаптап берді танктер.
Мықты екенсің, жаулар, сірә,
Қане, тірі қалып көр!
Жеңілді жау талқан болып,
Соғыс, дауыл шайқаған
ашылды аспан, алыс қырлар,
Күн нұр шашты қайтадан.
Біздің достық – берік құшақ,
Сезім мөлдір, тұнық қан.
Темірлердің шайқасында
болат болып шыныққан.
Дос боп қана жарыды адам,
достыққа оқ та дарымаған.
Иван ба, әлде, Петр ме еді –
Ядма ма, Бадма ма
туыс, бауыр бәрі маған…