ОҢТҮСТІКТЕН ХАТ
Алыс аймақ... Дон жағасы дір еткен
Арнасында сумен қоса қан ақты.
Хат жаздым мен, қайнап шықты ол жүректен
Саған елім, өлеңіммен қанатты.
О, сүйіктім, бұл даңқты күресте
Алғы күндер көкейіме салды үміт.
Мендегі ерлік – саған деген жүректе,
Менің күшім – еркелігім мәңгілік.
Ұмыт қалып бір шыбындай жанды да
Елді ойлаймын, келесің сен алдыма.
Сонау тынық күндерінде холманың
Райхан гүлдер жасыл бақта үлбіреп.
Ақ аспанда ай дөңгелеп толғанып
Ұнатушы ем, сүюші еді бұл жүрек.
Оятып еді бізді өмір тым ерте
Ән мен күйдің әлемінде – жәй күні.
Күлуші едім жау қабағы түнерсе,
Сезбеуші едім қуанышты, қайғыны.
Бақыт күнін білмеп едім бағалап,
Майдандарда көрмеп едім қан кешіп,
Құдіреттің сезбеп едім, махаббат,
Жастық шақтың кеудесінде тербетіп.
Биге балқып, күй тыңдадық кешқұрым,
Күй тыңдадық, күйге көңіл қанбады.
Ферғанада мылтық даусын естідім.
Балаусаны балбыратқан таңда бір.
Жапыраққа бозғыл шықтар салып із
Ай дөңгелеп төбемізден төккен нұр.
Сәби көңіл, кіршіксіз еді жанымыз
Ашық еді жазғы аспандай мөп-мөлдір.
Соның бәрі көз алдымда тұр әлі
Жүрек шіркін, көкірегімді ұрады.
«Қорға – дейді ол, мына байтақ Отанды!»
Сол бір үннен адал кегім от алды.
Сол бір оттан шашыраған ұшқын боп
Қалман өтіп айтпан отқа түстім деп.
Жеңеміз деп ту жамылып тұр едім,
Жеңеміз деп дүрсілдейді жүрегім!
Жауға жол жоқ біздің жерде, сеніңіз
Дұшпандарға ырғап салам найзаны.
Осылай деп біздің бүкіл еліміз
Әрқашанда кек қазаны қайнады.
Жүрегімді суырып ап кеудемнен
Жау жолына гранат қып атамын...
Сұрапылда Дон жағасы дір еткен
Арнасында сумен қоса қан ақты.
Хат жаздым мен, қайнап шықты ол жүректен
Саған елім, өлеңіммен қанатты.
Лениншіл жас, 1960, 7 сентябрь