ПОЕЗДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Туған жердің тұлғалары ойымда,
Дарындардың әсер күші бойымда.
Атыраудан келе жаттым поезда,
Отырмын жалғыз купемде.

Екі қолым айқасулы кеудемде,
Қалғып кетіппін әудемде.
Айнала бәрі ақ шағыл таулар құм екен,
Сол таулардың етегінде тұр екем.

Сол таулардың биіктерінің бірінен
Қолында үлкен заты бар
Түсіп келеді Нәжімеденов Жұмекен.
Қарсы жүрдім, бөгемеді ешкім жолымды.

Ассалау.., ұсына бердім қолымды,
Сәлемдесті, бастап кетті әңгіме:
- Сені бала Алматыда көріп ек,
Темірхандарға, Кеңшіліктерге сеніп ек.

Сенімді олар ақтады,
Саған да бата беріп ек.
Азайттың неге жазуды?
Қасымдардай болмасаң да жалынды,

Мұқағалидай болмасаң да арынды,
Төлегендей болмасаң да жаз үнді
Сал енді алға барыңды.
Өткізбе бекер жазыңды.

Тоқтатпа, бала, жазуды!
- Әлде осалдап жүр ме шабытың?
Қабыл ал онда, шабытыңа шабыт қосайын,
Ағалық көмек жасайын.

Жыр маржан шашу шашайын,
Сөйдеді де қоржынынан уыстап,
Шашып жіберді жыр маржан.
Жыр маржан!

Басталып мына құмдардан,
Озып кеткен мыңдардан,
Қызығын өзі көруге,
Жазбаған мына сұм жалған.

Айқара дала төсінде
Жарқырап жатты жыр маржан.
Ентелей құлап жинап жүрмін асыға
Қуаныштан жанардағы тамшыларды жасыра.

Ол бет алды биік таудың басына,
Алып лайнер қонды келіп қасына.
Жұмекеңде өлең басқалардан өзгешелеу болатын
Сондықтан ол ерекше мұра саф алтын.

Алып лайнермен жоғарылап барып алысқа
Зубаржат көкке ғайып болды ұлы ақын.
Оянып кеттім, терлеп қаппын моншақтап,
Терезеден отырмын сыртқа көз тастап.

Болашақтардың жасампаз жүгін арқалап
Сайын далада жүйткіп келеді зор состав.
Дәуірле, беркі Қазақтың елі,
Жұмекендердің Отаны.

Менің де сүйікті Отаным!
Зерделі халқым түсінгеніңе ризамын.
Жұмекен болып талай таңдардың атарын
Жанар таулардай аспанға атқан алауын.

Ей, таланттар, сиремесін қатарың,
Сиремесін қатарың!
Осы сөзім қатал үн,
Рухыңа бас идім
Оу, Жұмеке, баталым!