Қараңғы түнек заманда,
Аспан менен даланың,
Күні болып төгілген,
Сақталады қазақ жадында,
Ұлы ақын боп Жұмекен!

Қайырмасы:
Намыс, рухты көтерген,
Халық сүйіп жырлаған,
Желтоқсанда шырқалған,
Ұлт ұран деп таныған,
Өлең сөзін шығарған,
Нәжімеденов Жұмекен!

Қиын қыстау заманда,
Елі менен жұртының,
Дәні болып егілген,
Сақталады қазақ жадында,
Ұлы ақын боп Жұмекен!

Қайырмасы

Саясат қысқан заманда,
Халқы менен ұлтының,
Жыры болып төгілген,
Сақталады қазақ жадында,
Ұлы ақын боп Жұмекен!

Қайырмасы

Қиямет қайым заманда,
Ауыл менен қаланың,
Гүлі болып егілген,
Сақталады қазақ жадында,
Ұлы ақын боп Жұмекен!
Қайырмасы