Альманах ашылғалы бергі азғантай жылдар ішінде дүниеге талай-талай əсем туындылар келді, бұрын белгісіз талай
есімдер туды. «Жалын» қазір жастардың ғана емес, дүйім
оқушы қауымның сүйіктісіне айналып отыр. Бұған дəлел: алғашқы саны 24 мыңнан басталған альманахтың тиражы күні
бүгін 100 мыңға таяу. Алдағы уақытта бұдан да көбеймек,
өспек. «Жұлдыз» журналының тиражы 214 мың ғой? Сонша
оқушының «Жалында» да болуы əбден мүмкін.
1971–1972 ж.ж. «Жалында» жарық көрген поэтикалық
шығармалардан М.Мақатаевтың (1971, №6), К.Ахметованың
(1971, №6), Ф.Оңғарсынованың топтама өлеңдерін айрықша
атауға болады. Проза саласынан мына авторларды бөліп айту
жөн. Т.Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата!» повесі (1971, №5),
Ə.Сараевтың «Ақ тымық түн» (1972, №2), С.Елубаевтың
«Тарзан» əңгімелері (1972, №1), Ж.Шыныбековтың «Кербала» повесі. «Желкілдеп өскен құрақтай» рубрикасымен
берілген жас ақындардың тырнақалды өлең-жырларының
ішінде де үміт күттірер жап-жақсы жырлар, жол-шумақтар
кезігіп қалады. Əйткенмен жаңа жас есімдерге қойылар талап əлі де жеткіліксіз көрінді. Көбіне-көп өлеңдер сараланбайды, редакцияға түскен күйінде, сол олпы-солпы, тіпті, тұтас шикі қалпында кете баратын тəрізді. Мəселен, Аманжол
Қанафин деген баспасөз бетінде бұрын-соңды кездеспеген
есім. «Жалында» (1971, №1) жарияланған мына өлеңін тұтас
келтіруді жөн санадық.
Махамбет жырын айтатын,
Қорамсақтан жебе қолға алып,481
Толғай да толғай тартатын,
Оқтаудай ақбоз жаратып,
Күміс ерді ерлеген,
Айыл-тұрман зерлеген,
Үстіне ырғып мінетін,
Атойлап жауға тиетін,
Ақ ордаға бет қойып,
Көк ала түтін от қойып,
Күлі артында қалатын,
Көк сандықты ақтарып,
Арамнан жиған мал-мүлік,
Талапайға салатын.
Көсілген Жайық бойында,
Жау десе бас боп баратын,
Көзінің алды қанталап,
Аш қасқырдай анталап,
Кеудесін қаққан төрені
Текеметтей қағатын
Күн қайда, шіркін, күн қайда!
«Исатай мұңы» аталатын осы өлеңді жұртқа ұсыну үшін
əдеби аренаға жаңа есім əкелудің қажеті қанша еді?! Жəне
бұл «мұңның» қай заманда жазылғаны, кімге арналғаны белгісіз. Топ өлеңнің ішінде жүрсе – бір сəрі, жападан-жалғыз,
жаңа фамилияны арқалап тұрғанда көзге тым оғаш көрінеді
екен.Жақсы көретінжасжазушыларымыздың біріДулатИсабековтың «Кеш туған жұлдыз» атты повесі. (1971, №2) бүгінгі ауыл өмірін бейнелеуге арналған. Жаңа қосылған жас отау
Ермекбай мен Кəмшаттың бірі-біріне деген ниет, пейілдері,
кіршіксіз қарым-қатынастары бір сыдырғы əдемі көрінеді.
Əсіресе айлы түн, мақта суару үстіндегі мінез-құлықтар шынайы, əдемі-ақ. Бірақ оқиғаға Бектемір араласқаннан бастап
көз көре бұра тартып кетеді. Таза, бақытты отауға Бектемір
бүлік боп кіреді. Ең сорақысы, Ермекбай осыны сезе, біле
тұра жол береді, тіпті, бригадир болып өсу үшін қойнындағы əйелін еркімен қияды. Бұл Ермекбай сынды ақ көңіл, аңқау жігітке қолдан жағылған жала екенін айтпағанда, бүкіл
шығарманың бойына зорлап жапсырылған жамау деп қараған мақұл. Автордың суреттеуінде Бектемір – жөні түзу482
адам. Бектемірдің қара басы да əлгі лас линияға, демек, қайшы келіп жатыр. Осы секілді кейіпкер мінезіне, кейде бір
адамның бүтіндей тағдырына қиянат жасау – қолдан драма,
тартыс тудыру, қасірет құрастыру не мүлде тұрпайылыққа
ұрыну жалғыз Исабеков повесіне тəн қасиет емес. Кеңес
Юсуповтың «Желқайық» (1972, №2) əңгімесінде бүтін ситуация, толқу, тебірену, қауіп-қатер – бəр-бəрі жасанды. Оқушы сезімін оятам ба, ерітем бе деген арзан үміттен туған
дүние. Бір топ адам қайыққа отырып, серуенге шығады. Кенет жел көтеріледі, дауыл тұрады. Жалғыз қайық, амал жоқ,
қалтылдайды. Қайықтағы адамдар, амал жоқ, қорқады. Ақыры, аман-сау үйлеріне оралады.
– Балығың қайда?
– Мен сендерге өзімді əкелдім. Бүгінгі олжам өзім, – дейді əлгі «апаттан» аман құтылған азамат. Жасандылық осы
диалогтың өзінен-ақ көрініп қалған жоқ па?
Соңғы əзірде прозамызда сентиментальдік сарын жиірек байқалып жүр. Мұны біраз жұрт лирика көреді. Өтірік
күйдім, жандым, уһ, аһ дегендер ешқашан лирика болған
емес. Кісі иландыратын характері, өмірге, болмысқа сəйкес
тірегі, деталі жоқ шығарма қашан да өлі екенін тағы да еске
салғымыз келеді.
Мұхтар Мағауиннің «Қара қыз» повесінде (1971, №1) бүгінгі ғалымдар өмірі суреттеледі.
– Кім жазып бергені қалай! Осы қорғаған жұрттың бəрі
Америка ашып жатыр деймісің! Ескі кітаптардан, өздерінен
бұрын қорғалған диссертациялардан көшіріп алады...
– Сонда миғұла атаулының бəрі кандидат бола беруі керек
пе? – Бүкіл ғылыми дүниенің сөз саптасы осы сарындас болып келеді. Обыватель-ғалымдар көп-ақ шығар. Бірақ...
Повестің басты кейіпкері Бексейіт əлгі тақылеттес ғалым. Ол кандидаттығын бір жығылып тұрып, əзер қорғайды.
Кейін профессор болады. Енді оның отбасындағы көркін көрейік. Профессор Бексейітке сүйікті жұбайы Гүлжиһан былай сөйлейді:
– ... Ғалымдық неңді алған сенің, сен тіпті он екі мүшесі
түзу еркек те емессің!.. – Профессордың жауабы:
– Жоғал! Неше айғырдың бауырынан өтсе де жыны басылмаған кəрі бедеу? – Əрі қарай автордың сипаттамасы483
кетеді: «Бексейіт Гүлжиһанмен қосылғанына ешқашан өкініп көрген емес-ті. Өзін қатты бағалайтын: Сүйеніші, туғантуысқаны ж