Дүние деген үлкен сөз:
күн ұрғанда шекені,
жапырағын бүркенсең,
бір ағашы-ақ жетеді.

Дүние деген сөз ұлы,
ұлы сөзден талай бір,
өлсең, көмуге өзіңді
қарыс жері жарайды.

Ал, осындай әлемге
бір кездері, сенер ме ең:
тарлық көріп біреулер
сыймай өтті дегенге!

1969, 1982