Мықтылардың барлығы жалғыз екен дегенге,
жалғыз ұлым мен сені қосып жүрмін өлеңге.
Сенің жалғыздығыңнан үміт етем кейде аса,
сәби жалғыз бола ма, құдай жалғыз болмаса.

Жақсылардың барлығы жалғыз екен дегенге,
жанып-күйіп, мен сені қосып жүрмін өлеңге.
Сенің жалғыздығыңнан шошынамын мен кейде,
құдаймен де сені онда салыстырғым келмейді.

1969