Асығам, асығамын,
барында үміт
дара барып тапсам деп дарындылық.
Асығам, ертеңіме асығамын,
алсам деп тез-тез жетіп бәрін біліп.

Асығам, асығамын, ұлым, тыңда.
кім білген, мен шығармын ірі тұлға?
Асығам елден ерек өлімге де,
тезірек білгенімді ұмытуға.

Жоқ-жоқ, мен жәйімді айтып кемсеңдемен,
сырымды саған айтам ел сенбеген.
Деп едім бұрын өлсем өз жырымнан,
ертерек өз тілімнен өлсем деп ем!

Әйтеуір бір ұлының елесі ұрып,
жүргем жоқ сол боламын деп есіріп.
Әйтеуір кетсем деймін молдау айтып,
әйтеуір өшсем деймін сені өсіріп!

1969, 1982