Ешкімнен қорықпай-ақ күн көремін,
біреуді мен де өлтіріп тілдер едім:
әу десем өзің түсіп есіме ұлым,
тиер деп бір кесірім үндемедім.
      Ешкімге жағынбай-ақ күн көремін,
мен де бір мықты адамды күндер едім:
өзімді өртеп жүрген осалдығым
көрініп қала ма деп үндемедім.
       Ақым жоқ алынбаған тілде менің:
анекдот айтып та күн көремін.
Көпірме – бұлағы емес, туған жердің
тауларына еліктеп үндемедім.
       Ешкімнің іздемеймін кешірімін,
маған клуб, кеңсенің есігі бір.
Бөсер ем-ау шалқып бір,
сондай кезде
жаман жырым түседі есіме, ұлым.

1969