Анау кезде түс болып,
маған енген нан саған
енбесе екен,
іштегі
бір тілегім аңсаған.

Найза, қылыш түске еніп,
кектен жүдеп, қаусаған,
Шаппаса екен тістеніп
бізге шапқан жау саған.

Күдік ойлап бостан-бос,
дұшпанына теліп бір,
менен безіп кеткен дос
сені тапса – болыпты.

Даңғаза боп басым құр,
ойдан өтіп ең қауып,
мен іздеген асылды
алсаң екен сен тауып.

Жыр айтып бір сарынды,
арасында жөргектің
қартайса екен жарым да
сенің ұлыңды ермек қып.

1969