Қасиет бір, қадір бір, –
баста қырау, сақалда ақ:
шыңдар отыр сабырлы,
жөнелердей мақалдап.

Қарттық пен тау ашына,
кінә да жоқ тағар түк;
не шықса да басына
жібереді ағартып.

Ал, шыршалар түу сайдан
тауға өрмелеп, асылып,
бара жатқанға ұсайды
қартаюға асығып.

1967