Әзіл сөзге бейлі ғып аударады бөскенде –
қазір төбе дейді жұрт, тау болады өскенде.
Табиғаттың осы бір мінезінен үмітті,
төбешік боп кішкене топ-топ етіп жігіт жүр.
Қазір жаңа – бір кезде көне болған шығар-ау,
қазіргі тау бір кезде төбе болған шығар-ау.
Бірақ қарлы шыңдарды қалтыратқан талай бір,
«төбелігі» Пушкиннің,
«төбе күні» Абайдың.

1967
,