Жарақат бар жанымда – ашып қалма,
атом жәйлі,
жер жәйлі ой осып салған.
Аштық пенен жетімдік туралы ойлар,
ұйқтап жатқан ұлымды шошытпаңдар.

Түнгі ойларың түк те емес – жаза ғана,
әр минуты келеді азап ала.
Жесірліктер туралы қасіретті ой,
ауру, кәрі шешемді мазалама.

Ұл қайғысыз еркі бар есеюге,
қайғы адамды өсірер десе – күлме.
Тек айрылу туралы ашқылтым ой,
дөңбекшітпе жарымды төсегінде.

Ұйқта тыныш үй-іші,
санаңды ап шын
алаңдатса тек жақсы ой алаңдатсын.
Жұмсақ төсек, дүние – сендердікі,
бататыны болса, тек маған батсын!

1967, 1982