Семьямыз бүгінгі,
Әке болдық анық біз.
Үбірлі де шүбірлі,
Кәдімгідей халықпыз.
Мұның өзі тым жайлы
болмаса да,
Күнұзын
Қонцерт емес, тыңдаймыз
балалардың шуылын.
Бірі қағып кесені,
бірі құлап...
қолы әне.
«Папа ұрыспайд» десе егер –
Ұрыспауға болады.
Қуыршағын әлдилеп
бірі алданып қалды анда.
Үйретеді сәбилер
алдануға, алдауға.
Кейде шаршап бітем мен...
Жо, жоқ өлең қалады.
Тамақ тасып дүкеннен,
Жұбатамын баланы.
Жаялыққа жүгіріп,
ойыншықты көтеріп;
Папиросты суырып,
отырамын жөтеліп.

1965