Қызыл гүлдер, сары гүлдер, ақ гүлдер,
Әр гүліңді – бір шам қылып жақтың жер.
Мені-дағы гүлге жаны жақын дер –
Бөбегіме бір гүліңнің атын бер.
Мен – тасты да жылытуды аңсап ем,
Шіркін, от боп мендегі әрбір жанса дем!
Болса егер әр сөзімде бір-бір көл,
Оны да мен гүлге құйып тауысар ем.
Гүлдер, гүлдер! Көз жасымды төгер ем,
Тек сонымен десең егер көгерем.
Сені... сені көрсетпес ем бұл түнге,
Сәуле болса егер менің күлкімде.

1965