Мен ғашықпын, маған ғашық емес ол,
Білмейді әлде жек көріп те, сүйіп те?
Мен сияқты бойы аласа демесең,
ойы, сірә, менен көрі биікте.

Мәз болсам да киялдағы елеске,
Жас баладай көкке қарап қуанып.
Қөңіл шіркін, төзбес мұндай егеске,
Үй алдынан өтсе ол күнде су алып.

Жастық шақтың бақшасына түсті алдап,
Жылы сезім баурай берді мені ептеп.
Шыдамымды ұрлайды да ол мысқалдап,
Әкетеді күнде үйіне шелектеп...

1960, 1982