ақ жоқ. Жазушының, айтушының бәрін ақын деп танысақ онда бізде қазірдің өзінде үлкен мен кішіні есепке алмасақ ақындардың саны екі-үш миллионнан асып қалар. Шынына келсек, тарих пен тағдыр талқысынан таланттылардың өз ішінен талаптысы мен тәңірдің таңдаулысы ғана өтеді. Абай айтқан таңдамасы. Білімдісі. Ер данасы. Талапты, ойлысы. Олар кім, оны бір алла мен уақыт біледі. Таразыға тартатын да солар. Ақын сөзін ұғар елі болса Жұмекенді де сол қатарда көргіміз келетіндігі рас.
«Ерлігімен талайды жауықтырса да», Жұмекен «елдігімен қорқытып келеді бәрін». Өнерде, өмірде елдік, ұлттық позиция ұстану ұстамдылық. «Өз мезгілінің негізгі күре тамыры елдікте» екенін «зор жүрегімен» қабылдай білген ақын. Өз дәуірінің, заманының үнін, музыкасын ести білу. «Елі өлең болып көтерілді». Халқын қалай- қалай көркем көтермелеу. Өлең болып көтерілу. Бүкіл ел. Осыдан кейін қалай ғана ақын болмассың. Жүрегің өзінен өзі сөйлеп береді. Алға, ақындар! Аңдығанға алдырма. Алла жарлығынан пенде аса алмас. Шақ ғұмырда қысқа да нұсқа сөйле. Адалдық алқасын тақ. «Ақ нәрсені қорғап көр, мықты ақын» сияқты. Айтарың болса ақтарыл, айтып қал. «Ойы ауыр бейне өлім» ақын биігіне көтеріліп әлемді көр. «Айта жаздап, айта жаздап айта алмаған жүрістен» сақтандырған Жұмекенді еске ал. Айыбынан айбынды ұрпақ өзі- ақ аршып алар. Ең ауыр айып айтылуға тиісті айтарыңды айта алмау. Екі қиынның арасынан қабақ шытпай өту ер данасына ғана бұйырған. Кілемдегі кілең тепкіге төзбе.
«Өзім тепкі көрсем мейлі тек кілең,
мен-көбіңді қорғай алам тепкіден»,-
деп тұрған Жұмекен Нәжімеденов, ұлы қазақ ұлты барында ештеңеден, ешкімнен қорықпа. Жұмекен жыры қорған болмақ. Қайғыны да, шаттықты да арқалаған қыран ән алып шықпақ аспан көгіне әсем әнді сүйген көңілді. Кімнен «қорқып қалтырармыз. Осы әнмен шыңдаламыз, қылшылдаймыз». «Әр көңілдің түбінен тебіреніп туатығын ел әніне» жол салған Жұмекен әнді сүйген қазағын ол да сүйген.
Біз де өмірімізді, өнерімізді осы әнге арнайық деп бел буайық. Ән болғанда өте ғажайып ән. Қайтіп енді тумайтын ән. Тыңдаудан, таңданудан, табынудан бір жалықпайсыз. «Бар дүние теңселеді ән айтып, Мен ғана үнсіз - тыңдау үшін сол әнді». Үндемес күйші Жұмекен үнсіз тыңдаған ән, халық жүрегіне жол тапқан ән. Осы әнге қатысты естіген, көрген, сезгендердің бәрін жан-жүректе жинай, жинақтай бердік. «Менің Қазақстаным» әні шын мәнінде менің Қазақстаныма айналып кетті. «Даңқ пен дақпырт» романындағы Жұмекен - Идаят сөзін сәл ғана өзгерте қолдансақ – «Менің Қазақстаным» ел көңіліндегі ән атауы дәрежесінен шығып, ұғымға, белгілі бір түсінікке айналып бара жатқан тіркес». Жұмекен жырының жанына жақсылар жан сала жиналды. Шындығында бұл кітап бір адамның ғана еңбегі емес, көптің ісі. Қол үшін беріп, көмек жасаған, тікелей ат салысқан, ақыл айтып, ой қосқан Арқа, Алматы, Атырау азаматтары есімдері мен еңбектері өзі бір кітап. Қолжазбаның кітапқа айналуына ерекше еңбек сіңірген ұлдарым Нұрлан мен Русланның, бауырым Олжас Саятұлының есімдерін атауды орынды деп санаймын. Сондықтан да, бұл қолжазба жинақ деп аталады. Ойлар, жылдар, тағдырлар жиынтығы. Оған қосқан біздің үлес осы тақырыпқа баруға батылдықтың жетуі. Біздікі тек Жұмекентануға осындай бір жинақты тартымды етіп, ақынның 70 жылдық тойына тарту ету үшін еңбек ету. Осы оқыған, тоқығандар, құрбы-құрдас, қарындас, қатарлас, замандас берген кемел кеңестер негізінде Жұмекен Нәжімеденов поэзиясы, өмірі туралы өздеріңізбен ой бөліскенді жөн көрдік.
Жұмекен жыры бар қазаққа ортақ кең-қазына. Мысқалдап болса да жарыққа шыға берсін. Көңілде де, ошақта да жансын, сөнбесін. Керекті сөздер болғандықтан, осы жинаққа жазып алып, өздеріңізбен өзі өз сөзімен сөйлессін деп шештік. Зерттеу мен ізденіс барысында табылған Жұмекеннің ешбір жинағына енбеген өлеңдері мен аудармасы осы кітапта берілді. Олардың нақты қандай оқиғаға байланысты, қай уақытта жазылғандығы дәлелденеді. Жұмекеннің әрбір ісі мен өлеңін нақты өмірлік іздер негізінде зерделедік. Ақынның тұлғасын толық ашып көрсету мақсатында өлең мен деректерді қоса беру ең тиімді жол саналды. «Менің Қазақстаным» әнінің тууына байланысты ізденісте мұрағаттан Жұмекенің өміріне қатысты бұрын жария болмаған, таралмаған, талданбаған тың деректер табылды. Бірақ, ол тіміскілеу, тосын, тергеу-тексеріске, тезге салып таратуды талап ететін нәрсе емес. Бұлар Жұмекентануда, ақын өнерін түсінуде қосымша мағлұмат беруімен құнды. Тану үшін түсінуге талпыну қажет. Адам әрекетін өмір қажетінен, жүйені, сол заман заңын өзгерте ала алатын күші жоқ жеке тұлғаның мәжбүрліктен барған іс-әрекетін бағалауда қалтқысыз көзқарас ұстанған жөн. Себебі, Жұмекенге қатысты құжаттарды әркім әрқилы түсініп, қабылдауы мүмкін. Бұл әрбір адамның өзіндік құқығы. Алайда, бәріне де жалпы адамгершілік, имандылық тұрғысынан келген орынды. Жұмекенге байланысты ақпаратты мың ойланып, жүз толғанып, ақынның жұбайы Нәсіп апай мен балаларының келісімі және рұқсаты бойынша енгіздік. Мұрағат анықтамасы Жұмекен өмірінің кейбір сәттерін ресми деректер негізінде нақтылауға мүмкіндік берді. Ол