дебиетті қойғанда, шахмат, бокс, футбол, күрес жаңалықтарын
білетін де сол. Кейде дүкенге не түскеніне шейін айтып отырады:
– Қыздар, әй, сабақты қайтесіңдер, анда чехтың сүйір туфлилері сатылып
жатыр. Олар ілкі естігенде елеңдесіп, сонсоң біріне бірі қарап үнсіз ұғысады да,
ақыры, консерваторияның үш қабатында қыздар қатары сиреп қалады. Плащ, қол-
шатыр, ол-пұлдарын – егер жоғалмаса – ертеңіне келіп алысады.
– Кемел, соңғы айда өнерде қандай жаңалық болды? – Досына ең жиі
қойылатын сұрақ осы.
– Жарқыновтың екі журнал, бес газетке суреті басылды. – Бұ да онша сирек
жауап емес.
Идаят пәтер азабын тартып-ақ келеді. Үйленгелі бергі жыл жарымдай уақыт
ішінде он-шақты жерге көшті. Үй иелерінің мінез-құлқына, мұң-мұқтажына қарай
қоятын талаптары да әртүрлі. Біреу қонақ келгенін жаратпайды, біреу домбыра
тартқанды, шелек-шәйнегінің салдырлағанын – тағы бірі, енді бірі мінезді қар
түскенде шығарады. Ал, енді біреулері алдымен келісіп, жіберіп алады да, үш-төрт
түнеген соң алты айдың, не бір жылдың ақшасын алдынала төлеуді өтінеді. Бірақ,
бәрінің де ықтияры – ақша, Идаятқа ғұмыры бітпеген осы бір жексұрын ұғымға
тіреледі. Көше жүре көз жеткізгені: ақша болса – солардың бәрімен де тіл
табылады екен.
Қабекеңнің үйіне келгелі талай болды, тыныш. Әйтеуір пәтер ақыны берген
кезінде алады. Қасиба кейде ақшаны әңгімелей бастаса, оның да емі белгілі: бұл
дереу келіншектің кірпігін мақтай қояды: – анау мәз болып, келген шаруасын ұмыт
етеді. Ол кеткесін ішінен: осының бәрі Кемелдің әсері деп, өзінің кішкене қулығы
үшін досын айыптап, бір жымияды да, домбырасына жармасады.
Бір күні Кемел мұның алдына үш түрлі газет әкеп тастады. Өзі қутың қағып,
әрқайсысын бір ашады:
– Қара-әй, маубас, не болғанын, міне! – Үшеуінде Идаят Садықжановтың үш
әні басылған. Жоғалған әндер... Со күні түскі демалыс концертінде екі жаңа әні
радиодан берілді. Жүз таныстар түгел құттықтады. Бәрі кейін анықталды: қоңыр
папкені әнеугі келгенде Кемел ұрлап әкеткен-ді. Көп әндерге сөзді өзі таңдап, оны
әр нотаға, әр дыбысқа, буынға бөліп орналастырған-ды. Кейбіреулеріне жаңадан
сөз жаздырды.
– Эгоизм деген ауру. Ешбір әптекте дәрісі жоқ.
Бұл өзі хақында, расында, көп ойлайтын. Өзі жайлы сөйлеуді қанша жек көрсе,
ойлауды сонша ұнатады. Біреудің пікір-пиғылын бағалағанда тек өз тұрғысынан,
сол адам мұның өзіне қалай қарайды, бұл жөнінде жақсы ойда ма, жаман ойда ма –
сонымен ғана өлшейді, демек, Идаятты сүймеген адам жаман немесе керісінше. Өз
жанының осынау түкпірін таныған сайын – қашады, қашқан сайын жақындай,
үйіріле түседі. Табиғаты осы бір теріс ағысты, тентек үйірім алдында өз болмысы
әлдеқалай шабылған ағаштан шырт ұшқан кішкене жаңқа сықылды, дәрменсіз,
шығуға әрекет еткен сайын бата береді... Оныншы класта оқып жүрген-ді. Соғыс
өнерін үйрену сабағы болатын. Алтынға ұнаймын деп жөні дұрыс жалғыз бешпет-
шалбарын киіп шыққан.
– Жатпайым, жер лас! – Мұғалімнің көзі шарасынан шыға жаздады. Бұл
миығынан күледі: екінші класта Қанағат зорлап жатқызып еді, мынау қайтер екен!
Күші жетсе көрейік!
– Жат деймін мен саған! – Ұмтылып кеп желкесінен баса берген, қолын
қағып жіберді. Сол үшін сөгіс алды, содан бастап әскер ойынын жек көреді. Сонда-
ақ енді қайтып кісі ықтиярымен тізе бүкпеуге іштей серт байлаған. Өмір атты қатал
күшке алынбайтын қамал, бұзылмайтын серт бар ма, жас жігіт оны енді-енді ұға
бастаған-ды...
Жанына балаған жалғыз досы – Кемелдің мына «диагнозы» қатты батты, бірақ
сыр берген жоқ, күліп қоштасты.
Эгоизмді сөз, ұғым ретінде бұ да сүймейді, эгоист еместігіне сенімі де мол. Өзін
барынша тасалап, көзден жасырын ұстаған кісі эгоист бола ма? Мұның ұғымынша,
эгоистер жұртқа жақсы жақтарымен көрінуге, сол арқылы қалғандарға қыр
көрсетуге құмар келеді.
Әндерінің тоқтаусыз өтіп, бірден танылғанына ілкіде мықтап қуанған. Айлар
өткен сайын сол қуанышынан қауіптене берді.

7
Совхоз орталығы әуелі «Ұзын оба» атты құбыла алды өзек, арқа жағы бір
дауыл соқса міне түскелі тұрған сусыма құм, жалаңаш төбе басындағы он шақты
балшық үйді мекен еткен, бес-алты айдан соң келешекте шағыл басу қаупы «Ұзын
обадан» гөрі де молырақ, күннің батысында, жиырма шақырымнан аспайтын, құмы
суына құйылып жатқан ақ шаңдақ қабақты таңдап ап, соған көшті. Бұрын мұнда
малға салған қораны қоса есептемегенде, алты-жеті қарайған бар-ды, дереу жаңа
құрылыс басталды. Сандықтай-сандықтай ақ бор тастарды алты доңғалақты
машиналар мықшия тартып, түсіріп жатты. Сол сол-ақ екен, аттап қалсаң
көтерілген шаңы шалбардың балағы арқылы кеңірдегіңе жетпей тоқтамайтын өлі,
мимырт топырақ бетінен әп-сәтте әппақ сарай көтерілді. Сарай кеңсе де, клуб та,
мектеп те емес, директордың үйі.
Осы үйді көргенде шалдар ауыздарында қалған бір-бір тістерін жалады;
талшыққа ілініп, онсыз да талып тұрған кәрі тіс тілдің ыңғайымен қисаң-қисаң
жығылады, еріндері сәл ашылса қылт-қылт етіп тіл көрінеді. Далда болар тіс жоқ,
күлуге қандай рақат: көмейге шейін бір-ақ көрінеді. Олар со