Жымысқы жау ой ойлап жатты жаман,
тізесі емес, ниеті батты маған.
Саған сеніп, көк мылтық, тыншымадым,
саған сеніп, күрегім, таптым амал.

Неден қорықса адамдар,
менен де әрі,
соған жау боп шығыпты – сене алмадым.
Ерлігіммен талайды жауықтырып,
елдігіммен қорқытып келем бәрін.

Қаһарлы жау жеңілді – ісі қалды,
қара бұлттар шегінді – сұсы қалды.
әлі бірақ біреулер жүрген-сынды
шекарамның осалдау тұсын аңдып.

1967, 1982