Жаға алмадым көбіне,
жайында адам
басқа келсе жақпас ой – уәйім маған.
Тек жарыма жақтым мен,
жақтырды ол:
мақтап едім тамағын дайындаған.

Маған көп жан жақпады,
жақпады әлі,
осы күннің есігін аттағалы
жарым ғана жақты тек,
жақтырдым мен
соңғы жазған жырымды мақтағалы.

Мақсатымыз «кең ойлап», «қиыр кешіп»,
түсініссең түйеді бүйір несін.
Біздің үйде «жұмысын» жүргізеді,
«Кулинария-әдеби» үйірмесі.

1967