Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.

Кімге обал, мен кімге сый істедім, –
түсінбедім, темекімді иіскедім.
Мақтағаны біреудің өп-өтірік,
ішіп алып біреудің тиіскені.

Жеткізбедің, қиял-ай, сұйығым-ай,
күйіп туар қиялшыл күйім ұдай.
Ойдың өзін күдіксіз бермей бір түн
дөңбекшітіп қойдың-ау, бүйі-құдай...

1970