Тастар ең бәрін,
тепкілеп
көмер ең жырды, таба ғып:
«көрдің бе, қойып кетті» деп
біреулер сөйлеп қалады.

Етесің еңбек безілдеп,
жазып та жазып жаңа жыр
өзің бір біткен кезіңде,
кітабың бітпей қалады.

Жүресің солай,
көнген боп
жетегіне бір үміт.
Өлеңіңе қарап «өлгенмен»,
өміріңе қарап тіріліп.

1969, 1982