Талай майдан, қан төгіс тұсында да,
не көп болса – жер көп, ел қысылмаған.
Бәрін, беріп, даланы сақтап қалған,
ерлігіне мақтану үшін бабам.

Кетіскен бір тер үшін ұсынбаған,
бір сөз үшін суытқан түсін жаман.
Атын түсіп, шапанын шешіп берген,
мәрттігімен мақтану үшін бабам.

Сақтанған тек, қанымен қызу келген,
азаматпен аралық үзілгеннен.
Сенім үшін семсерін ауыстырып,
серті үшін бесіктегі қызын берген.

Найзағайдай рухпен шатырлаған,
жалғыз сөзін жауының батырмаған;
«Жан керек» – деп, мақалдап – батырға да,
қыр басында енді, әне, жатыр бабам...

1967, 1982