Казарма. Түн. Тұнды Жер.
Ол осында – түн ұйқысын бөлсе кім.
Түйреп тұрды үш қырлы көк сүңгілер
Аспанның бір алақандай бөлшегін.
Жылы түнмен келер еді жұғысқың –
Қарулар тұр қырауланып, түксиіп.
Миығында қайсар кәрі қылыштың
Жасыл сәуле жүгіреді сұп-суық.
Жапырақтар тітіркенді бір түрлі,
Шөпті тінтіп іздеп жатыр жел нені?
Мылтық керек бұзу үшін ұйқыны,
Тыныштықты қорғау үшін Жердегі!
Қандай жақсы ақ қылыштың бір кәрі
Өз қолыңда тұрғаны!
Ескіре ме? Ескірмейді қырдағы
Махамбеттің қылыш жайлы жырлары...

1965