Өткен күндер көп шытынып қабағым,
Маңдайыма түсіпті әлден көп әжім...
Күнмен бірге көзімді ашам көру үшін
барлығын,
Түн түнегін көрмеу үшін кірпігімді жабамын.
Шадыман күн керек бізге мәңгілік!

Бейбіт өмір бұтағында паналап,
Отыр біздің ынсапты ой мен қанағат.
Әрбір сәби жанарында күлкісі тұр заманның,
Замана тұр сол сәбидің жанарына паналап.
Бейбітшілік керек бізге мәңгілік!

Күрсінуді ұмытып ед көп кеуде,
Біз дайынбыз әр ұшқынды ертең жанар от
деуге.
Ерікті ғой жас тіршілік бұдан әрі өсуге,
Ерікті ғой жасыл бұта бұдан әрі көктеуге:
Бейбітшілік керек бізге мәңгілік!

1963