Осы жер деп кеудені
қос анары түртіп бір,
ыза-ашуы келіп еді –
алды шылап кірпікті.

Бір кеш жалғыз жүрер де,
екінші күн кетеді:
назын айтып біреуге
бір арылса жетеді.

Түсін, мейлің түсінбе,
сенің де өтті қорлығың,
сорлы болмау үшін де,
кетеді қыз сорлы ғып.

Ойланып ал әуелі,
кінәлама адамды:
сұлуларың әдемі
сүйіп кетсе жаманды,
әуре болма үгіттеп;
жорта істейді қыз байғұс:
жақсы, жақсы жігітте
оянсын деп қызғаныш.

1967, 1982