Домбыра таңдап қыза сөйлер дүрілдеп,
құрысын деп ек күйшілердің мінезі,
ал, құрыды. Табылмайды бүгінде
шын домбыра –
жоқтық емес бұл өзі.
Күйшілер тек – сахнада болды ма,
қол соққанмен концерттерге барып ел:
көп үйлерден таптырмайды домбыра,
Рояльдар табылғанмен бәрінен
көп нәрсені қымбаттатты уақыт,
көп нәрсені арзандатты уақыт
Үлкеніміз күй тыңдаймыз кемсеңдеп,
баламызды рояльмен жұбатып.

1967