...Әлі жүрмін. Түк бітірген жоқпын мен,
Іш қазанын жалайды ыза от-тілмен.
Алып, алып көп үмітті көп күннен,
Деп кетем бе түк бітірмей өттім мен?

Жоқ, өткем жоқ, өтпегенде қалды нем!
Жиырма бестен өттім елдің алдымен.
Туған едім ең соңынан бұл жұрттың,
Ең алдымен соғар ма екем санды мен?

Осы ойлармен атты, әнеки, таң-дағы,
Тағы бір күн келе жатыр жанғалы...
Мен өткем жоқ, өтеді екен жылдар тек,
Бірақ менде қалады екен салмағы.

1963