Майдан.
        Балшық.
                 Сұп-сұр жер
табанынан солқылдатып сорады –
тоңған солдат...
                        Шешіп алып шинелін
винтовканың затворын орады.
Қара түтін жұтып жатты көкжиек,
бұлттарды айдап үлгермеді жел-дағы.
Солдат отыр олжа көріп тоңғанын
бір фашист атсам дейді болғаны.
Бөбегіндей бейне бір
винтовкасын құрғатып.
Мылтық дүмі иығына бір батып –
қаруыңды сезінудің өзі де бір бақыт.
Атты солдат жауын мықтап көздеп ап
неткен күшті жалғыз оқтың жарқылы:
зулады оқ, жауға қарай зулады
сол солдаттың өз маңдайы арқылы.

1963, 1982