ымақ
Пиночет те, Рейган да жапырақ –
Заман желі, бұталарыңды ырғап бақ!
Жапырақ кетті үп еткен жел алдында –
сұлулық жоқ,
мағына ғана бар мұнда:
тамыр қалды орнында,
халық қалды орнында.
Ұшты талай тақ пен таждар ақымақ,
сарай да ұшты қабырғасы қақырап,
Диогеннің бөшкесі – сол орнында,
Аяз-бидің тұмағы сол орнында.
Ал, тамырлар – топырақтың астында
шулап жатыр ұқсап ұлы тасқынға.
Әттең, үні жетпейді
саққұлаққа, кереңге:
себебі – тым тереңде...

1983 жыл