Тез ашылған көктемгі
гүл-бақ ең сен, оңбай жүр:
гүл-бақ едің, көп болды,
бұлбұл құсың қонбай жүр.

Қары ашылған көктемгі
тау едің сен — таппай жүр:
тау шыңы едің көп болды,
ақша бұлтың соқпай жүр.

Кеш бүр жарған көктемгі
шыбық ем мен бір жыңғыл,
жас бұтақ ем, көп болды,
маған қонып жүр бұлбұл.

Тау сықылды дақпырты
төбе едім жай далбаса,
менде жоқ тек ақ бұлтың,
көлеңкесі болмаса...

1969, 1982