Мақтанатын адам деп, атам деп бір,
салған ізі десек те жатар көп күн,
дала саған болады көңіл айтса,
қазасы үшін кешегі Махамбеттің.

Барлық жүйрік бір туды, бір-ақ өлді,
бір-бір аңыз әрқайсы «мұра» берді;
дала, саған болады көңіл айтса,
ажалы үшін кешегі «Құлагердің».

Сарқынды, сап ойларын ішіндегі
тұрған шақта ел де енді түсінгелі...
дала, саған болады көңіл айтса,
кешегі өткен Мұқаңдар үшін де бір.

Кеткен орнын бәрі де қоңырайтса...
тарих-ата толтырар оны қайтсе;
дала, саған болады көңіл айтса,
дала, саған болады көңіл айтса!

1967, 1982