Ізі – аппақ таспадай,
Ракеталар жүгіріп
Шыққан кезде,
аспанға
ілініп қалар гүрілі.
 

Одан гөрі... бір түрлі
мына аспанға сиқырлы,
жарасатын сықылды
қарашаның қиқуы.

1967