Бір сүйініш сезінгенше,
сол әлі
жүрек байғұс арып-ашып болады.
Анда-санда бір соғатын қуаныш,
анда-санда бір келетін қонағым,
келер болсаң – сүйінте кір, кір демеп,
мен де сені мақтап талай кірген ем;
келерде тек достарыммен бірге кел,
кетерде тек қастарыммен бірге кет.

1967, 1982