Қайда ғана, қайда ғана, қарама,
ұшып жатыр жапырақтар сарала.
Қыз мойнына – сары моншақ тізілген –
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Бұлт төмендеп...
Жер биіктеп бара ма,
ылай толқын үймеледі жағаға.
Қырау үстінде қарауытты ізім де –
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Көрші ауылдың иті тыныш жатпады,
Сақ қой тіпті...
О, «құдайдың» атқаны.
Кемпір сыртқа жүгіреді, қызы үйде –
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?! 

1963, 1982