Қане, достар, қимылдалық күн қызбай –
жіпсідік пе – жел соғады бір мұздай.
Мынау алқап өзінше бір аспан ғой,
шөмелелер – жұлдыздай.
Әр табанда бір-бір ғалам аунайды,–
ойлама енді дала жайлы, тау жәйлі.
Шөмеле артқан балакөштің іздері
«Құс жолынан» аумайды.
Космоста жүргендейміз біз-дағы.
Айыр-саптың уысыңда қызғаны –
Қуаттырақ әсер етер атомнан.
Қосмонавпыз біз-дағы.
Терлесе адам– көңілденед, о несі?
терге ғана балқи ма екен денесі?
Термен тыныс-та-маса,
қуанбаса күрсініп –
дәл осындай тамаша болар ма еді тіршілік?!

1963, 1982