Жүре тұршы,
пұл болғанша бір малың,
өлімді ойлау – не берер,
жүре тұршы,
үйленгенше ұлдарың,
есейгенше немерең.

Қопарылсаң тым ерте
дауыл күнгі емендей,
ұл-немерең күні ертең,
«әжем қайда» демей ме?

Не айта алам,
ұл – ынжық,
не бере алам енші етіп;
Отырам ба күмілжіп,
суретіңді көрсетіп?

Қарау керек «обалға»,
немереңнің бата – емі.
Керек шығар оған да,
бір «шүйке бас» әперу?..

1967, 1982